Бүгін Алматы аймақтық көпсалалы клиникасының директоры Саяхат Олжаев пациенттерді жеке қабылдап, олардың мәселелері мен ұсыныстарын тыңдады.
Қабылдау барысында пациенттердің денсаулық жағдайына қатысты жеке сұрақтары, ем алу барысы, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету және онкологиялық науқастарға көрсетілетін медициналық көмек мәселелері қаралды.
Пациенттердің өтініштері назарға алынып, әр мәселе бойынша тиісті түсіндірулер беріліп, шешу жолдары қарастырылды.
Клиникада пациенттердің өтініштерін жедел қарау және медициналық көмектің сапасын арттыруға ерекше мән беріледі.
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау әр бейсенбі күні өткізіледі. Қабылдауға төменде көрсетілген номерлер бойынша алдын ала жазылуға болады.
8 7272 61 39 52

Добавить комментарий