🎀 «Қызғылт қазан»: Алматы аймақтық көпсалалы клиникасында ашық есік күні өтеді

Қазан айы – сүт безі қатерлі ісігі туралы халықтың хабардарлығын арттыруға арналған «Қызғылт қазан» айлығы. Бастаманың басты мақсаты – аурудың алдын алу, оны ерте кезеңде анықтау және әйелдердің өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауын қалыптастыру.

Осыған орай, 24 қазан күні Алматы аймақтық көпсалалы клиникасында ашық есік күні ұйымдастырылады. Бұл күні әйелдер мамандардың кеңесін алып, сүт безі ауруларының алдын алу мен ерте анықтау жөнінде пайдалы ақпарат ала алады.

📅 Күні: 24 қазан
🕘 Уақыты: 9:00–13:00
📍 Мекенжайы: Алматы қаласы, Р. Бағланова көшесі, 69А
🏥 Өтетін орны: Алматы аймақтық көпсалалы клиникасы

Өз денсаулығыңызға бейжай қарамаңыз! Сүт безі қатерлі ісігін ерте анықтау – тиімді емнің маңызды қадамы.

#ҚызғылтҚазан #АшықЕсікКүні #СүтБезіОбырынАлдынАлу #Денсаулық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *