
Алматы аймақтық көпсалалы клиникасының директоры Саяхат Таурбекұлы Олжаев азаматтарға кезекті жеке қабылдау өткізді.
Қабылдау барысында онкологиялық ауруларға қатысты мәселелер көтеріліп, пациенттердің сұрақтары, шағымдары мен өтініштері қаралды. Клиника директоры әрбір өтінішті мұқият тыңдап, көтерілген мәселелер бойынша тиісті түсініктемелер берді.
Мұндай қабылдаулар пациенттердің мәселелерін тікелей қарастыруға, медициналық көмек көрсетуге қатысты сұрақтарды анықтауға және оларды шешу жолдарын белгілеуге мүмкіндік береді.
Клиника басшылығы азаматтардың өтініштеріне назар аударып, онкологиялық көмек көрсету сапасын арттыру және пациенттердің құқықтары мен мүдделерін қорғау бағытындағы жұмыстарды жалғастырады.

Добавить комментарий