Алматы аймақтық көпсалалы клиникасының директоры Саяхат Олжаев пациенттерді жеке қабылдады

Алматы аймақтық көпсалалы клиникасының директоры Саяхат Олжаев пациенттерді жеке қабылдап, олардың медициналық көмек көрсетуге қатысты сауалдарына жауап берді.

Қабылдау барысында пациенттер емдеу барысы, диагностика нәтижелері, алдағы ем тактикасы және медициналық қызмет көрсету мәселелері бойынша өздерін толғандырған сұрақтарын қойды.

Клиника директоры әр өтінішті жеке қарастырып, пациенттерге қажетті түсіндірулер берді. Сонымен қатар емдеу процесінің сапасы мен пациенттердің медициналық көмекке қолжетімділігін қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударды.

Пациенттердің өтініштері бақылауға алынып, тиісті мамандарға нақты тапсырмалар берілді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *