17 қыркүйек — Пациенттер қауіпсіздігінің дүниежүзілік күні

Пациент қауіпсіздігі — сапалы медициналық көмектің маңызды құрамдас бөлігі.

Бүгін «Алматы аймақтық көпсалалы клиникасы» ШЖҚ КМК-да Пациенттер қауіпсіздігінің дүниежүзілік күніне орай медицина қызметкерлеріне арналған «Қауіпсіздік мәдениеті» тақырыбында ақпараттық дәріс өткізілді.

👨‍⚕️ Дәрісті медициналық қызметтердің сапасын бақылау жөніндегі директордың орынбасары Новиков Игорь Игоревич өткізді.

Дәріс барысында пациенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, медициналық көмек көрсету кезінде туындайтын қауіптердің алдын алу және медициналық инциденттерді болдырмау мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар:
🔹 қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру;
🔹 ықтимал тәуекелдерді уақтылы анықтау және бағалау;
🔹 медициналық инциденттер туралы дер кезінде хабарлау;
🔹 командалық жұмыс және өзара жауапкершілік;
🔹 пациенттер үшін қауіпсіз медициналық орта қалыптастыру мәселелері талқыланды.

💙 Қауіпсіздік мәдениеті — бұл тек талаптар мен стандарттарды сақтау ғана емес. Бұл — әрбір медицина қызметкерінің күнделікті жұмыстағы жауапкершілігі, мұқияттылығы және пациент мүддесіне деген адалдығы.

Пациент қауіпсіздігін қамтамасыз ету — бүкіл медициналық ұйым ұжымының ортақ міндеті.

Қауіпсіз медициналық көмек — сапалы медициналық көмектің негізі!

#ПациенттерҚауіпсіздігініңДүниежүзілікКүні
#ПациентҚауіпсіздігі
#ҚауіпсіздікМәдениеті
#МедициналықҚызметСапасы
#АлматыОблыстықКөпбейіндіКлиникасы
#МедициналықҚауіпсіздік
#СапалыМедициналықКөмек
#МедицинаҚазақстан

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *