Алматы аймақтық көпсалалы клиникасының директоры Саяхат Олжаев кезекті қоғамдық қабылдау өткізіп, пациенттерді жеке қабылдады.
Қабылдау барысында азаматтардың денсаулық жағдайына, медициналық көмек көрсетуге, диагностика мен ем алуға қатысты мәселелері қаралды. Сонымен қатар онкологиялық аурулардың алдын алу, ерте анықтау және емдеу бойынша сұрақтар талқыланды.
Әрбір өтініш жеке қаралып, пациенттерге тиісті түсіндірмелер берілді. Қажет болған жағдайда медициналық тексеру мен мамандардың консультациясын ұйымдастыру бойынша нақты тапсырмалар берілді.
Қоғамдық қабылдау – пациенттердің мәселелерін тікелей тыңдап, медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға бағытталған маңызды жұмыс.


Добавить комментарий