Жемқорлық туралы
Байланыс
Сенім телефоны
+7 (727) 367-49-93
Жемқорлық туралы
Байланыс
Сенім телефоны
+7 (727) 367-49-93
Еуразиялық медицина және онкология саласындағы интеллектуалды шешімдердің цифрлық форумы

Алматы қаласында 28–29 мамыр күндері «Еуразиялық медицина және онкология саласындағы интеллектуалды шешімдердің цифрлық форумы» өтті. Іс-шара денсаулық сақтау жүйесіндегі цифрлық трансформация, жасанды интеллект технологиялары және онкология саласындағы заманауи инновациялық шешімдерді талқылауға арналды.

Форум аясында медициналық деректерді цифрлық өңдеу, онкологиялық ауруларды ерте диагностикалау, жасанды интеллект негізіндегі клиникалық шешімдер, сондай-ақ халықаралық тәжірибе мен ғылыми ынтымақтастық мәселелері көтерілді.

Жиынға Қазақстан мен шетелден келген дәрігерлер, ғалымдар, IT-сарапшылар, бизнес және мемлекеттік құрылым өкілдері қатысты. Қатысушылар медицина саласындағы интеллектуалды технологиялардың тиімділігі мен болашағы жөнінде пікір алмасты.

Форум модераторларының бірі — Алматы өңірлік көпсалалы клиникасының директоры Саяхат Олжаев болды.

Мамандардың айтуынша, мұндай халықаралық алаңдар денсаулық сақтау саласын жаңғыртуға, инновациялық жобаларды дамытуға және Қазақстанның ғылыми әлеуетін арттыруға ықпал етеді.

 






Ссылка на старый сайт